Бүгін «АХАТ» мекемесінің 100 жылдық тарихи мерекесімен «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Досмаилов және Әділет басқармасының басшысы М.Сағымбеков шын жүректен құттықтап, АХАТ мекемесінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы осы салада адал және аянбай еңбек етіп келе жатқан қызметкерлеріне құрмет көрсетті. «Бұл саланың ерекшелігі – жан-тәніңмен жұмыс істеуді талап етеді. Бір ғасырдан бері еліміздің игілігі үшін қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде қызметкерлердің бес ұрпағы ауысты. Бірақ мақсат ылғи да біреу, яғни әр адамның өміріндегі маңызды оқиғаларды нақты, уақтылы тіркеу» «Әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалар, туғаннан бастап, өмірден өткенге дейінгі аралықтың бәрі сіздердің қолдарыңыздан өтеді. Біз осы елге тиесілі екенімізді растайтын арнайы құжатты сіздерден алғаннан кейін ғана Қазақстан азаматы бола аламыз. Сіздердің жұмыстарыңыз елене бермейді. Жұрт бұл орынды кеңсе деп қана ойлайды. Шын мәнінде, әр адамның алғашқы құжаты — баланың туу туралы куәлігін бекітіп, қолдарыңызды қоясыздар. Бұл – өте маңызды. Көбімізде кеңес дәуірінде берілген туу туралы куәліктер бар. Ата-аналарымыз оларды перзентханадан шыққан тегтермен, алғашқы биркасымен бірге сақтап қойған». Сіздерді 1-ғасырлық тарихи мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
#nurotan #NurOtan