ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Азияда 2011 - Өз елім өлең төсегім...

Еліміздің спортшылары Азияда жарысында таңқаларлық көрсеткіштер көрсетуде. "Дома и стены помогают" деген қазақша мақалға сай ма, әлде қалай екенін кім білсін... Олимпияда жарыстарының тарихын қарап отырсаң олимпияда қай елде болса сол елдің спортшылары таңғажайып көрсеткіштер көрсетіп, біріншілікке ие болып жатады. Мысалы: Қытайдағы Бейжің олимпиядасы... (Қытайлар тұңғыш рет біріншілік алған) т.б. Осы жағдайларды ескере отырып олимпияда жарыстарында кім бірінші болатыны туралы болжам жасауға да болатын шығар....

Сонда бұл таңғажайып спортшылар бұрын қайда болған немесе олимпияданы бір елде емес бірнеше елде өткізу үрдісін қалыптастыру жөн сияқты. Олимпияда бірнеше елде қатар өтсе, таңғажайып спортшылар қатары көбейер ме еді?

Дегенмен, ел спортшылары ЕЛ сенімін, Елбасы тапсырмасын ақтауға барын салуда. Қазыргы жағдайда Қазақстан Азиядада жалпы 51 медальға ие болып бірінші орында келеді. Азияда ойындарының Қазақстанда өтуі өте тамаша шешім және еліміздің абыройы асқақтай берсін деп тілеймін.

P.S. Егер менім жынды ұсынысым қабылданып, олимпияда бірнеше елде өтетін болса, біздің жетістіктерімізге іші күйіп қарайтындар жарылып кететін шығар. Себебі олар өз елдерінде олимпияда өткізе алмады ғой.... Алға Қазақстан !!!