Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Азаматтық бақылау» жобасы шеңберінде конференцияда жол-патрульдік полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының тікелей байланысын төмендетудің актуалды аспектілері: проблемалар және шешу жолдары талқыланды

Ағымдағы жылдың 26 мамырында " Азаматтық бақылау» жобасы шеңберінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша Департаментінде "Жол-патрульдік полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының тікелей байланысын төмендетудің актуалды  аспектілері: проблемалар және шешу жолдары" тақырыбында конференция өтті.

Конференция жұмысына азаматтық сектор, өкілетті және атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы  -            Т. Т. Қаскин кіріспе сөз сөйледі.

Конференция барысында қатысушылар жолдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды шешу жолдары тікелей диалогта талқылды.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасы басшысы А. Рахматулин жол – патрульдік қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің сыртқы талдау нәтижелерімен таныстырды, онда қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың бұзылғандығы атап өтілді. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар Астана қаласы бойынша ІІД-нің бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 10 қадамды іске асыру бойынша жол жүру ережесін бұзу  себептерін жою және анықтау мақсатында жолдарда сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын әзірлеу бойынша жұмыс басталғандығы туралы хабардар болды.

Астана қ. ІІД ЖПҚ бөлімшесінің бастығы, полиция майоры            Р. Өмірбеков жол жүру ережесін бұзушыларға қатысты  әкімшілік материалдарды құрастыру кезінде проблемалық сұрақтар туралы атап өтті. Өз баяндамасында ЖПҚ өкілі жол-патрульдік полицияның жол қозғалысына қатысушылармен қарым қатынасын азайту және полиция қызметкерлерінің, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және қабылданған шаралар туралы баяндады.

Конференция жұмысына азаматтық қоғамның өкілдері белсенді қатысты.

"Полицияда сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында «Қазақстанда Парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ  сарапшы Б. Ғалымжанов сөз сөйледі.

Өз кезегінде, "Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы" РҚБ төрағасының орынбасары Р. Асылбеков ЖПҚ-пен бірлесіп өткізілген жолдарда рейдтік іс-шаралар туралы "Көлікті өз қалауымша жүргіземін" тақырыбында бейнеролик көрсетілді, онда жол ережесін сақтау бойынша жол полициясының жол қозғалысына қатысушылармен жұмыстары көрсетілді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларын қалыптастыру тарихи-құқықтық аспектісі туралы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдарының академиясының  бас ғылыми қызметкері С. Бекишева қозғады.

Конференцияны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар тарапынан жалпы құқық қорғау органдарында және жол-патрульдік қызметінде, сыбайлас жемқорлықтың қаупі жоғары екені, жемқорлықтың салдарынан азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілер жойылуда және сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерімен құқық қорғау органдарының қажеттігі белсенді ынтымақтастық жалғастыру туралы атап өтілді.

 
0
0
373

Осы тақырып бойынша