Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
А.ж. 28 тамызда «Адал жол – Честный путь» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Степногорск қ. филиалының қоғамдық қабылдауында Степногорск қ. мәслихатының хатшысы Г.Көпеева, Степногорск қ. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы О.Баймақов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Барлығы 3 азамат қабылданып, олардың 1-еуіне тұрғын жай мәселесі (жатақханадағы бөлме) бойынша түсініктеме берілсе, 2 азамат телефон арқылы – 1,8 жастағы балаға сәбиақысын төлеу және «Эпилепсия» сырқатымен ауыратын 6 жастағы қыз балаға «Левитерауитам» дәрісін тегін ұсыну. Аталған мәселелер депутаттық бақылауға алынды.
