Азаматтарға арналған қызметтер
А.ж. 6 қыркүйекте Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде қызмет алушыларға консультативтік кеңес беру жөніндегі Қоғамдық қабылдау өткізілді.
Аталған қызметті Департамент Жолдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту бойынша 10 қадамды жүзеге асыру жөніндегі жоспардың аясында жүргізіеді.
Қоғамдық қабылдаудың құрамында – Департаменттің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлері, сонымен қатар, «Белый блоггер» және «Жасыл болашақ» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері.
Қоғамдық қабылдау жұмысының барысында түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
