"Қазақтың ұлттық ойындары"
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, 22 наурыз қарсаңында – Үлкеншыған ауылдық округінің ұйымдастыруымен "Қазақтың ұлттық ойындары" атты ұлттық ойындарының бірі көкпар тартыс және бес тас ойындары өткізілді.
Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды. Міне көкпар ойынының кереметі деп осыны айт!
