Қазақстанның сулы-батпақты алқаптары қорғалуға тиіс.
Айта кету керек, бұл шара Рамсар Конвенциясының 50-жылдығы мен ОА-РӨБ 5-жылдығы. Халықаралық онлайн кездесуді ашқан ОА-РӨБ Үйлестіру комитетінің төрағасы Максим Митропольский сулы-батпақты алқаптардың (СБА) су режимінің регуляторы сияқты экологиялық функцияларына тоқтап, сонымен қатар олар тиісті флора мен фаунаның, әсіресе суда жүзетін құстардың тіршілік етулерін қамтамасыз ететіндігі, экономикалық, мәдени және рекреациялық зор маңыздылығы туралы айтты.
«Адамзаттың сулы-батпақты алқаптарға тигізіп жатқан кері әсерін тоқтату үшін 1971 жылдың 2 ақпанында Иранның Рамсар қаласында Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция қабылданды. Рамсар Конвенциясы сулы-батпақты алқаптарды және олардың ресурстарын сақтау және оңтайлы пайдалану мақсатымен ұлттық іс-қимылдар мен халықаралық ынтымақтастықтың негізін қалайды. Осы конвенцияға 170 астам мемлекет, олардың ішінде Орта Азия елдері де қатысып отыр. Аталмыш халықаралық келісім-шарт өзара келісіп отырған тараптардың өз аумақтарында СБА тұрақты пайдалануын қамтамасыз етіп, олардың экологиялық тұтастығын сақтап, трансшекаралық СБА және олардың биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында көрші елдермен ынтымақтастық орнатуды көздегендерін көрсетеді», – деді ол.

Оның айтуынша, Рамсар Конвенциясы, қатысушы елдерге СБА сақтау бойынша міндеттемелерін орындауға көмектесу мақсатымен, елдердің арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді күшейтіп, Конвенцияның 2016-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын тиімді түрде орындау үшін ОА-РӨБ және әлемнің басқа өңірлеріндегі 18 бастаманы қолдады. Конвенцияның стратегиялық жоспары төрт негізгі бағытты қамтыған: СБА жойылуға және деградацияға апаратын факторларды зерттеу; Рамсар алқаптарының желісін тиімді түрде сақтау және басқару; барлық СБА оңтайлы пайдалану; Конвенцияның жүзеге асырылуын жетілдіру.
«Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан Рамсар конвенциясының Орта Азиядағы өзара келісіп отырған тараптары ретінде Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасын (ОА-РӨБ) құру бойынша ресми ұсынысқа келісім беріп, 2015 жылдың қараша айында ОА-РӨБ құрған. 2019 жылдың тамыз айында ОА-РӨБ-на Өзбекстан қосылып, 2021 жылдың маусым айында Тәжікстан қосылған», – деп, М.Митропольский мәлімдеді.

Бұдан әрі Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің Рамсар Конвенциясы бойынша ұлттық үйлестірушілері ОА-РӨБ өз елдеріндегі қызметінің нәтижелерімен таныстырды.
Осы кездесуге Қазақстан атынан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Ринат Есмағұлов және ОА-РӨБ Үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы, «Nur Otan» партиясы республикалық экологиялық кеңесінің және «Ecojer» қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов ресми қатысқан.

Ә.Қозыбақов ОА-РӨБ өткен бес жыл ішінде Қазақстанда атқарған қызмет нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, ОА-РӨБ қолдауымен сегіз Рамсарлық және потенциалды Рамсарлық СБА әртүрлі дәрежеде қамтылды. Олардың ішінде ең белсенді далалық жұмыстар бір потенциалды Рамсарлық СБА – Ақтау маңындағы Қаракөл көлінде, және үш Рамсарлық СБА – Теңіз-Қорғалжын мен Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйелерінде және Кіші Арал теңізі мен Сырдарья өзенінің сағасында жүргізілді.
ОА-РӨБ қызметінің Қазақстандағы маңызды жетістіктеріні біріне сарапшы Маңғыстау және Атырау облыстары аумағындағы Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы СБА, оның ішінде Қаракөл көлін және Жайық өзенінің сағасы мен іргелес Каспий теңізінің жағалауын экспресс бағалауды жатқызды. Экспресс бағалау нәтижесінде Қаракөл көлін СБА Рамсарлық тізіміне енгізу үшін номинациялық досье жасалды.

Жетістіктер қатарына ОА-РӨБ Үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары Теңіз-Қорғалжын мен Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйелерін және Кіші Арал теңізі мен Сырдарья өзенінің сағасын, Қаракөл көлін басқару бойынша жасалған ұсынымдарды қосты.
Ырғыз және Торғай өзендері сағасындағы көлдердің, Құлықкөл-Талдыкөл мен Қойбағар-Тінтуғыр көлдер жүйелерінің, Қаракөл көлінің, Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөл көлдер жүйесінің мәселелерін шешу бойынша да ұсынымдар берілді.
Ә.Қозыбақовтың айтуынша, жүргізілген зерттеулер бойынша жасалған мериалдардың бір бөлігі «Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Түркіменстандағы сулы-батпақты алқаптардың (СБА) жай-күйі туралы ақпаратты жергілікті қоғамдастықтардың СБА сақтау және тиімді пайдалану бойынша озық тәжірибелерін жинау және тарату жолымен жаңарту» нұсқаулығына енді.

Сарапшы, оң нәтижелерді жоққа шығармай, Қазақстанда Рамсарлық, потенциалды Рамсарлық және кәдімгі қалалық СБА сақтау бойынша өзекті мәселелердің жоқ еместігіне назар аударды.
«Мысалы, Қостанай облысындағы екі Рамсарлық СБА – Құлықкөл-Талдыкөл мен Қойбағар-Тінтуғыр көлдер жүйелері 2009 жылы номинацияланғанымен, бүгінге дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алмаған, яғни қорғау қызметі жоқ. Ақтөбе облысындағы Рамсарлық СБА – Ырғыз және Торғай өзендері сағасындағы көлдер аумағы арқылы «Нұр-Сұлтан-Ақтау» автотрассасының учаскесі салынады деп жопарлануда, алайда жобалық-сметалық құжаттамасында осы алқап Рамсарлық екендігі ескерілмеген. Ақтау маңындағы Қаракөл көлін СБА Рамсарлық тізіміне енгізу үшін номинациялық досье өткен жылдың басында жасалған болса да, уәкілетті орган осы СБА Рамсар тізіміне енгізу үшін номинацияламаған. Бөлек тақырып – астана әкімдігі қалалық нысандар құрылысын салу мақсатында Кіші Талдыкөл қалалық көлдер жүйесін көмуге және құрғатуға беріп қойған, осы жерде Қызыл кітапқа енген құстар, олардың арасында глобалды жойылу қауіпі үстіндегі түрлер мекендейтініне қарамастан», – деп, спикер бар мәселелерді айқындады.

ОА-РӨБ Үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, өз сөзін қорытындылай келе, осы мәселелерді шешу және жаңа мәселелерді алдын алу үшін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдарының және жергілікті қоғамдастықтардың күштерін біріктіру бойынша жұмысты жалғастыру керектігін айтты.
