«Қазақстанның болашағы - жастардың қолында»
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының бірініші орынбасары Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Қазақстанның болашағы - жастардың қолында» тақырыбында «Zoom» платформасында жастармен кездесу өткізді.
- Тәуелсіз елдің алтын діңгегі, болашағы жастар екендігі хақ. Қазіргі қоғам жастары егемендіктің оңай жолмен келмегенін білуі тиіс. Себебі бүгінгі жастар - ертеңгі ел болашағы. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты.- деді «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының бірініші орынбасары Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы.
Шараның мақсаты – Тәуелсіздік құндылығын жастарға насихаттау. Олармен өзара пікір алмасып, еңселі елімізідің айтулы жаңалықтарымен хабардар ету.
Шара барысында Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы жастарға алда келе жатқан сайлау науқанының басты ерекшеліктерін түсіндіріп, ел болашағы үшін белсенді болуға шақырды. Қоғамның қозғаушы күші деп саналған жастарға мемлекет тарапынан түрлі бағытта жан – жақты қолдау мен демеу жеткілікті екендігін айтты. Бүгінде оларға тиесілі түрлі нұсқада бағдарламалар мен жобаларды атап, олардың идеяларын жүзеге асыру үшін түрлі бастамаларға да басымдылық берілуде екендігін айтты.
