Қазақстанның «ғарыштық өнімі» сұранысқа ие

Қазақстан жерді ғарыштан суретке түсіруге мүмкіндік беретін спутниктерін дер уақытында ұшырып үлгеріпті.
Өйткені көк сеңгіріндегі дәл осындай ғарыштық аппараттарға қол жеткізуге ұмтылған солтүстік көршіміз Батыстың «санкциялық соққысына» ұшырап, дағдарып қалған көрінеді. Нәтижесінде, Талғат Мұсабаевтың айтуынша, Ресейдің күні қазір бізге қарап отырса керек.
Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында қалаулылар «2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Үкіметі мен Француз үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы» ратификациялады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
