Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» конкурсына қатысу өтінімдерін қабылдау басталды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы «Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды.

Бұл конкурс республикада үш жыл бойы өткізілуде.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады.

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі  комиссиялар құрылған, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясы бөлімшелерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кірді.

Конкурсқа қызметтері әлеуметтік қорғау жүйеісін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің ұйымдары, жеке тұлғалар, басқа мекемелер мен ведомстволар қатыса алады.

Байқауға қатысуға өтінімдердің қабылдануын жергілікті атқару органдары 31 тамызға дейін жүзеге асырады.

Ең үздік әлеуметтік жобалардың тұсаукесер рәсімі және конкурс жеңімпаздарын марапаттау әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтеді.

Толық ақпаратпен ҚР ДСӘДМ ресми сайтында таныса аласыздар: https://www.mzsr.gov.kz/kk/node/329442

 
0
0
356

Осы тақырып бойынша

«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» конкурсына қатысу өтінімдерін қабылдау басталды - Yvision.kz