«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»: әскери ұшқыштар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дайын
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сардарлар мен сарбаздар Елбасы Жолдауының негізгі идеялары мен мақсаттарын зерделеуде. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының негізгі бағдары болып табылады.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары Президенттің «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын кеңінен талқылады. Жоғарғы Бас қолбасшының қамқорлығы арқасында Қазақстан әскері бүгінгі күні қазіргі заманғы әскери техникамен жарақтанған, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелері Мемлекет басшысының ұдайы назарында.
Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ және НАТО елдері қарулы күштерінің әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілетін халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады. Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша, Қазақстан әскері ТМД елдері арасында алдыңғы үштікке кіреді. Қазақстан әскерінің қорғаныс қабілетін нығайтудағы басты тапсырма ұлттық қауіпсіздікті қорғау және еліміздің әлемдік және аймақтық проблемаларды шешуге қатысуы. Ұлт көшбасшысы осы құндылықтардың арқасында біздің жеңіске жеткенімізді, елімізді нығайтқанымызды, ұлы жетістіктерімізді арттырғанымызды айтты. Осындай мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтардан Жаңа Қазақстандық патриотизмнің негізі құралады.
Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Жоғарғы Бас қолбасшының идеяларын қолдайды Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуі үшін өздерінің жауынгерлік және патриоттық борыштарын абыроймен орындауға даяр.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен құрамаларында командирлер жеке құрамға Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жалғасуда.
ҚР ҚМ баспасөз қызметі
