Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:

1)    Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы көрсетілетін қызметті беруші;

2) дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде – «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей.
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа өтініш берген кезде – 7 (жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);

Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.

 

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл

облысы бойынша филиалының

Талас аудандық бөлімі

 
1
0
414

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» - Yvision.kz