Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар,жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша аумақтық көші–қон полициясының бөлімшелері арқылы көрсетеді . Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау «Халыққа қызмет көрсету орталығы » шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» ақпараттық жүйесі арқылы және «электрондық үкіметтің» WWW.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады . Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап,сондай –ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ал құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге орталыққа өтініш берген кезде -7(жеті ), 10 (он ) және 15 (он бес ) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді). Дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенімді адамы орталыққа өтініш берген кезде өтінімді тіркеу талонының негізінде жүзеге асырылады. Портал арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруді көсетілген қызметті алушы орталыққы жеке өзі өтініш берген жағдайда паспорттың және (немесе ) жеке куәліктің дайын екендігі туралы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі » хабарлама негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Денсаулығы бойынша орталыққа жеке өзі келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып қағаз жеткізгіште толтыра отырып жүргізеді. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе )құжаттар берілген жердегі бюджетке банктік мекемелер арқылы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 540 –бабында белгіленген мөлшерде төленеді. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін мемлекеттік баж көлемі 400 пайызды, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Жеделдетілген тәртіппен жеке куәлік және (немесе ) паспорт берген кезде мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша төлем алынады . Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салған кезде төлем «электрондық үкіметтің » төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
