Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында бірқатар медицина қызметкері марапатталды!

Марапаттау рәсімінде "Senim" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзақұлов, еліміздің конституциялық дамуының бірегей тұжырымдамасын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екендігін тілге тиек етті және ақ халатты абзал жандардың еңбегі орасан екендігін тілге тиек етті.

"Конституциямызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары сынды ең жоғары құндылықтар бекітілген және бұл құжат азаматтардың мүддесіне қызмет етеді. Еліміздің негізгі Заңы халықтың денсаулық сақтау сынды басты құқығын қорғайтынын айта кеткім келеді. Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік, татулық тілеймін", - деді өз сөзінде Сәкен Қазбекұлы.

Содан кейін Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының "облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК директоры Айларбек Шыршықбаевқа, аталмыш мекеменің меңгерушісі Серік Жылгелдиевке, облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігер-ультрасонологы Жанар Нұрмағанбетоваға, дәрігер-эндоскопист Мақсат Тайшыбайға, Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының медбикесі Қарлығаш Боранбаеваға Құрмет грамотасын табыстады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ ұйымының беделін ұлғаюына қосқан үлесі үшін "Senim" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" РҚБ төрағасы Сапарбек Дүйсеновтың Алғыс хатымен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының медбикелері Ильяда Жарманова және Гүлдирай Саптаяқова, Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының санитарлары Майрамгүл Жауынбаева, Нұргүл Төребаева, Дәметкен Қосабаева марапатталды.

Сонымен қатар, Ақтау қалалық №2 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Ару Мадинаева "Senim" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Үздігі төсбелгісімен марапатталды.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және жұмыстарына сәттілік тілейміз.



