ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісі

1

2017 жылы 14 наурызда сағат 10.00-де Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында селекторлық режимде (видеоконференцбайланыс) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісі өтті, оған Үкімет мүшелері, Ұлттық банктің  бірінші басшылары, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Байтерек «ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ, ҰКП, Үкіметтегі «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, ПМК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы туралы баяндамамен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенова сөз сөйледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтылған тапсырмасын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 4341 тапсырмасын орындау мақсатында мынадай бөлігінде әзірленді:

1) 2017 жылы жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің, сондай-ақ бала тууына берiлетін жәрдемақылардың мөлшерін 20 %-ға дейін арттыру;

2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының көзделген енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін 9 %-ға жыл сайынғы арттыру жүргізілген. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің тапсырмасын орындау мақсатында жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері 2016 жылмен салыстырғанда олардың өсуін 20 %-ға дейін қамтамасыз  ету мақсатында арттырылатын болады.

Осыған орай, зейнетақы жүйесін жаңғырту шеңберінде 2018 жылғы                 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу әдістемесінің өзгеруінен күтілетін тиімділікке жету үшін ең шекті деңгейді базалық зейнетақы үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыздан 54 пайызға дейін арттыру қажет, бұл зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізуді талап етеді.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала тууына байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері тиісті қаржы жылына көзделген республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жыл сайын арттырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууына берілетін жәрдемақының мөлшерін жоғарыда аталған заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулан енгізе отырып арттыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесігің жаңа шартты-жинақтаушы компонентін енгізу көзделген.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының көзделген енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға келісім берілді.

Сондай-ақ, заң жобасын қабылдау коллизияларды, олқылықтарды жоюға және нормаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормаларына сәйкес келтіруге негізделген.

Барлығы заң жобасында Қазақстан Республикасының  8 заңына түзетулер көзделген.

Заң жобасын қабылдаған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді.