Қазақстан Республикасы Үкіметінің2014 жылғы 11 наурыздағы№ 217 қаулысымен бекітілген «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«ХҚКО» ұсынылатын қажетті құжаттар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік (некеге 2008 жылғы 1 маусымға дейін тұрған жағдайда);
5) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
6) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжат;
8) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда – сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), сондай-ақ осы тармақтың 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың мәліметтерін көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.
Құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады, оларды ХҚКО қызметкері сканерден өткізеді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
«ХҚКО» инспекторы
Г.Абаева.
