Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова 24 қыркүйек, бейсенбі күні Санк- Петербург қаласында өткен Еуразиялық әйелдер форумында баяндама жасады
|
Н. Коржова Форумға қатысушыларға ел Президенті ұсынған «бұдан әрі мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамына» негізделген 5 институционалдық реформаны іске асыру туралы айтты. Ол, сондай-ақ Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыпта өтетін «ЭКСПО - 2017» мамандандырылған халықаралық көрмеге қатысушы болатын Форумға келетін 85 елдің өкілдерін шақырды. «ЭКСПО-2017 – бұл көрме объектілерін салуға 2014 жылы 500 млн. доллардан астам инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін елдің үлкен инвестициялық жобасы. Бір неше мың жұмыс орны құрылды (3000 адам шамасында)» - деп ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы мінбеден хабарлады. Әйелдер Еуразиялық форумы 24 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында бастау алғанын еске түсіргіміз келеді. Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 750 қатысушарды жинады. | ||||||||
