Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Барысы» жобасы — ел жетістігі

Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирі финалының ашылуы рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысқан болатын.

Қатысушылар мен қонақтар алдында сөйлеген құттықтау сөзінде Б.Байбек: «Бұл Астана күні қарсаңында өтетін шаралардың жауһары - «Қазақстан Барысы» жобасы еліміздің Елбасы саясатымен жүзеге асырған барша жетістігін, Елордамыздың сәні мен салтанатын, ұлттық құндылықтарымыз бен бірегей дәстүрлерімізді әлемге танытар айтулы мерекеге айналғанын көрсетеді» - деп атап өтті.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Астана күні қарсаңында 4 шілде күні қалалық «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өткен турнирге еліміздің әр аймағынан іріктелген 32 балуан мен былтырғы жылғы жарыстың жеңімпазы Мұхит Тұрсынов жолдама алғаннын айта кетейік. Іріктеу жарыстары наурыз айынан бастап, мамыр айына дейін еліміздің ауыл, аудан, облыс тарында үш кезең бойынша жүргізілген. Ақтық жекпе-жек қорытындысы бойынша Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыйлығын және «Қазақстан Барысы» деген атақты 2012 жылғы жеңімпаз Бейбіт Ыстыбаев осымен екінші рет иеленген.

   
0
0
622

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Барысы» жобасы — ел жетістігі - Yvision.kz