«Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз»
«Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз»

2005 жылы Астана қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылды. Республиканың барлық облыстарында филиалдар құрылды. Бүгінгі күнге дейін «Жасыл ел» бағдарламасы шаһардың өркендеуіне үлес қосуда. Бүл бағдарлама бойынша 16 мен 29 жас аралығындағы жастар жазғы демалыста еңбек ете алады.
20 мамырда Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» «Жасыл ел» еңбек отрядының биылғы еңбек маусымы, атқарылатын жұмыстар жайлы сөз қозғалды.
«Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз.
Кім үйін лас ұстағысы келеді дейсің?!
Ортақ үйдегі әр азамат таңертең ұйқыдан тұрғанда: Үйімнің таза болуы үшін мен бүгін не істеуім керек? – деп түрегелсе, ұйқыға жатарда: Үйімнің таза болуы үшін мен бүгін не істедім?- деп жатса» - деген Шерхан Мұртазаның сөзі бар. Әр азамат осы сөзді жүрек жадында сақтаса деген тілек бар. Елінің дамуы үшін әр азамат өзінен бастауы керек.
