Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанға 10 жылда 3 млн компьютер әкелінген

«Bnews.kz»
Қазақстанда 2000-2010 жылдары 3 миллион компьютер әкелінген. Оның жартысы электрондық қалдыққа айналды. Бұл туралы ОКҚ брифингіде Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Электрондық, соның ішінде ұялы телефондар секторындағы, қалдықтарды қауіпсіз түрде кәдеге жаратумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған ҚР Үкіметі, Біріккен ұлтар ұйымының даму бағдарламалары және «Самсунг элекстронискс» компаниясының бірлескен «Электрондық қалдықтарды басқару» жаңа жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаның мақсаты – электронды қалдықтарды басқару механизмдерін құру. Атап айтар болсақ, ұялы телефондарды қауіпсіз тәсілдер арқылы кәдеге жарату мәселелерін шешу. Қазақстанда 2000-2010 жылдары 3 миллион компьютер әкелінген. Оның жартысы электрондық қалдыққа айналды», – деді Нұрлан Жамбылұлы.
Сонымен қатар, министр жоба аясында электронды қалдықтарды жинау және кәдеге жарату сызбасын жасау, электрондық техниканы сататын жерлерде ұялы телефондарды жинауға арналған экоқорапшаларды орнату, электрондық қалдықтардың зияны мен оларды кәдеге жарату жолдары туралы жұртшылықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынатындығын атап өтті.
Ербол САРМУРЗИН

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/3126-259/

0
0
322

Осы тақырып бойынша

Қазақстанға 10 жылда 3 млн компьютер әкелінген - Yvision.kz