Қазақ мемлекетінің ұраны қандай болғаны дұрыс?
![]()
Нұрғиса Елеубеков (фото)
Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінен (туы, әнұраны, елтаңбасы) тыс мемлекеттік ұрандары болады. Бұл ұрандар сол мемлекет халқының мұң-мұқтажын, арман-мұратын, ұмтылатын биігін айқындайды, елдік идеясы мен идеологиясына негіз болады.
Осы 23 жылда қаншама ұранды бастан өткердік. 3-4 жылда бір ұранды ауыстырып, тоздырып жатамыз.
Осыған орай сұрақ: біздің мемлекетке ұран керек пе? Керек болса қандай?
Маған екі нұсқасы ұнайды:
1) Азаттық. Бірлік. Өрлеу.
2) Ұлт. Азаттық. Еңбек.
Сіздер не ұсынасыздар...
Ерінбей басқа елдердің мемлекеттік ұрандарын жиып-тергендей болдым. Салыстырып, ойланып көріңіздерші. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
