«Қайрат» әйелдер футбол командасы «Шахтерді» ойсырата жеңді
«Қайрат» пен «Шахтер» футбол командаларының кездесуі 12:0 ұпаймен аяқталды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне алматылық команданың бапкері, футболдан спорт шебері Н. Дорошева хабарлады.
Матч ҚазЭУ стадионында әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Чемпионатының 11-ші туры аясыннда өткен. Жарысқа С.Байымбетов төрелік етті.

