Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аймақ басшысы қызылордалық полицейлерге 49 темір тұлпардың кілтін табыс етті

Тәртіп сақшыларының  қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып,  қоғамдық тәртіпті нығайтып және жедел іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бес қаруының сай болуы аса маңызды. Қазіргі таңда облыстағы тыныштық пен тәртіпті сақтап отырған ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда  облыс  басшылығы жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетіп келеді.

Биылдың өзінде  ішкі істер департаментінің матералдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 99 дана автокөлік бөлініп отыр. Яғни, қазан айының 17 күні Тағзым алаңында облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 50 дана «УАЗ-31519» шассиіндегі арнайы патрульдік автокөліктер, 36 дана автокөліктегі транкингтік радиостанциялар және 50 дана бейнетіркеуіштер сатып алынып, салтанатты түрде табысталса, бүгін қосымша тағы да 49 дана автокөлік бөлінді.

Бүгін  15 желтоқсанда Орталық алаңда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, сап түзеген қызылордалық полицейлерге  49 дана «УАЗ» маркалы автокөліктердің кілтін табыс етті.

Салтанатты шара барысында аймақ басшысы кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталатынын баса көрсетті. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыспен күресте полиция қызметкерлерінің аянбай еңбек етіп жүргенін көрсетіп, бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.

Одан кейін сөз тізгінін Қызылорда ҚІІБ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жақсылық Алмағамбетұлы алып, облыс әкіміне Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосқан орасан зор үлесі үшін алғысын білдірді. Полицейдің  қызметіндегі ең басты көрсеткіш – азаматтардың сенімі. Осыған орай, тәртіп сақшылары халықтың, облыс басшылығының артқан сенімін ақтауға бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын баса көрсетті.

Автокөлік кілтін табыстау рәсімі одан әрі салтанатты шеруге ұласты. Ішкі істер органдарының жеке құрамының шеруін су жаңа қызметтік көліктердің шеруі жалғастырды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
240

Осы тақырып бойынша

Аймақ басшысы қызылордалық полицейлерге 49 темір тұлпардың кілтін табыс етті - Yvision.kz