Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

АЙБЕК НҰҒЫМАРОВ: " Карантин – әркімнің азаматтық жауапкершілігі"

Соңғы бір-екі күнде қала бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны артқаны туралы ақпаратты естіп, көңілдің түскені рас.

Баршаңызға белгілі, қабылданған шектеу шаралары, карантин режимі, осы індеттің таралуын тежеп, тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін жасалып жатыр.

Осы, шектеу шараларын күшейту қажет деп санаймын және тәртіпке бағынбай, режимді бұзған адамдарды жауапқа тарту қажет.

Себебі дәл қазіргі жағдайда өзіміздің және өзгелердің денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарау керек.

Сондықтан, ардақты ағайын, жерлестер осындай қиын сәтте, барлық талаптарды қатаң сақтап, үйде болуға шақырамын.

Карантин – әркімнің азаматтық жауапкершілігі.

Біз бұл вирусты тек қана бірге жеңе аламыз!

Айбек Нұғымаров - Қазақстан Барысы

0
0
543

Осы тақырып бойынша

АЙБЕК НҰҒЫМАРОВ: " Карантин – әркімнің азаматтық жауапкершілігі" - Yvision.kz