ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Айқап" пен "Қазақ" неге айтысқан? немесе басылымдар туралы шындық.

Бұл екі басылымда, кезінде қазақ еліне елеулі қызмет еткен басылымдар,бұл басылымдарды бір-біріне қарсы қоюға болмайды.Кейбір мәселелердің ортада шешілмей қалуы,себеп болады.Ұстанған бағыттарының байланысты келіспеушіліктерде болған. Кезінде көрнекті қалам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласында: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы,туралы айтады. Бір кереметі, араларында қанша талас-тартыс болғанына қарамастан, бұл екі басылымның бірінің сөзін екіншісі сөйлеп, бірін-бірі қолдап отырған. «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 148-санында «Айқап» тоқталуы» деген мақала жарияланған. Онда «қазақтың айналдырған жалғыз журналының бірнеше жыл шығып тұрып, ересек болған соң тоқталып қалғанына» қапалы екендіктерін білдіре отырып, «Қазақ» басқармасы «Айқапта» жарияланған журналды шығарушылардың оқырмандарына соңғы арнауын газеттерінде көшіріп басуды өздерінің азаматтық борыштары санайды. Ал «Айқаптықтар» болса, өз кезектерінде журналдың қаражат тапшылығынан жабылатындығына өкініштерін білдіре келіп, газет төңірегіндегілерге мынадай тілек-баталарын береді: «Журналды шығарғандағы мақсатымыз халыққа жол көрсетпек еді. Газеташылық, журналшылдық қазақ жігіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек еді. Біз бұл мақсатымызға жеттік. Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында.

Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Желкілдеп шыққан жас шөптей

Үміт еткен достарым,

Сендерге бердім батамды

(Алтынсарин )».

Осы жолдарды оқи отырып, бұл екі басылым арасында елеулі идеялық қақтығыс болмағандығына көзіміз жете түседі. Бірақ, соған қарамастан, күні кешеге дейін ол екеуінің біріне-бірі қарсы қойылып зерттелініп келгені, ащы болса да, тарихи шындық. Екі басылым арасындағы пікірталасты таптық мүдделерінің қайшылығынан деп түсіндіруге тырысушылық уақыт талабынан туындаған амал-əрекет болатын. Бұл жөнінде алғаш пікір білдірген көрнекті ғалым Б.Кенжебаев екендігін зерттеушінің 1950 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің тарихынан» деген еңбегінен оқып білеміз. Онда осы тақырыпқа қатысты татардың «Уақыт» газетінің 1915 жылғы 9-шілдедегі санында жарық көрген Нығметолла Күзембаевтың «Айқап» журналы хақында» деген мақаласынан үзінді келтіре отырып, ғалым негізгі талас туғызған мəселелер жерге орналастыру, съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде болғанын дөп басып көрсетеді. Алғашқы мəселе бойынша, яғни жерге орналастыру турасында туындаған пікірталасқа былайша сипаттама береді: «Жер мəселесі жөнінде «Айқап» журналының маңында болғандар татарлардың əсерімен жерге отырықшы болуды қуаттады, «Қазақ» газеті маңында болғандар қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікірі, мүддесі еді де, екіншісі қазақтың ірі байларының пікірі, мүддесі еді.Ғалының аты жасырын болған. Елуінші жылдардың басына қарай үстемшіл орталықтың өктем саясаты ушығып тұрған уақытта «алашордашыл, байшыл, ұлтшыл» деген «айып» арқалап, тар қапаста «кұлыпталып» ұсталынған «Қазақ» газетін ақтап алу мүмкін еместігін жете түсінген ғалым, біздіңше, өзгеше амал-айлаға көшкен. Ол кезінде көздің ағы мен қарасындай болған қазақтың бір газет, бір журналының алғашқысын ақтап ала алмасына көзі жеткеннен кейін, тым болмаса, тура келген тажал залалынан екіншісін аман сақтап қалу үміті болатын. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін ғалымның екі басылым арасындағы айтыс-тартысты тіліне тиек етпесіне амалы да қалмаған. Нəтижесінде, «Айқап» ақталынып», қазақ баспасөзінің тарихынан сылынып тасталынбай, ғылыми айналымда қалуына айқара жол ашылғандығына тарих куə біз бұл жерде журналдың кезінде азды-көпті зерттеліп, тіпті диссертациялық жұмыстың объектісі болғанын айтып отырмыз. Қазақ баспасөзі «буржуазияшыл ұлтшылдар өз табының түбегейлі мүддесін қорғап, демократиялық басылымдарға қарама-қарсы өздерінің баспасөз органын қарады. Қоғамдық өмірдің мəселелері жөнінде «Айқап» журналына кереғар Орынбор қаласында 1913 жылы февральда «Қазақ» газеті шыға бастады. Журнал кейде «Қазақ» газетімен айтнда осы басқосу мəселесі көтерілгенге дейін ешқандай келіспеушілік болмапты деген . Олай ойлау қателескендік болып шығады. Өйткені, бұл екі топтың аражігін аша түскенысып, буржуазияшыл ұлтшылдар («Қазақ» төңірегіндегілер – С.Қ.) байлардың мүддесін қорғайтынын əшкереледі», – деген сыңаржақ пікір қалыптастырылып келді. Ол бүгінгі күн талабын қанағаттандыра алмайтыны былай тұрсын, оған қайшы келетіндігі айтпаса да түсінікті. Өкінішке қарай, осынау көкейтесті мəселе қазақ баспасөзіне қатысты соңғы уақыттарда жарық көріп жатқан зерттеу еңбектерде де тиісті бағасын алмай, қалыс қалып отырғандығы қынжылтпай қоймайды. Ал оған заман талабына сай ақиқат тұрғысынан зерттеу жүргізіп, бағасын беру күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелердің бірі деп білеміз.Сонымен, «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? Көрнекті ғалым Б.Кенжебаевтың жазуынша, оның үш түрлі мəселе бойынша өрбитініне жоғарыда тоқталдық. Атап айтқанда, жерге орналастыру, съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде екі басылым басшылығы бір пікірге келе алмаған. Ол – тарихи шындық. Оны газет-журнал тігінділерінің материалдары да растайды.

Екі басылым арасында айтыстартыс неден ушыға бастайды “Қазақ" газетінде осы туралы мәлімет шығарылады, ол жөнінде М.Дулатов апталықтың 1914 жылғы 51-нөмірінде жарық көрген «Айқап» журналы» деген мақаласында.Бұған қарап, журнал мен газет шығарушылары арасы мəселелер «Қазақ» газеті жарық көрмей тұрып-ақ бой көрсетіп үлгергеніне «Айқап» материалдары куə. Оның бетінде жарияланған Ə.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың жəне М.Дулатовтың жер туралы, қазақ жазуы қақындағы мақалалары журнал басшылығы тарапынан қолдау таппауы салдарынан Алаш азаматтары жеке басылым шығару мақсатына ойыса бастаған.

“Айқап" журналының редакторы М.Сералин “Қазақты" басқосу шақырып ағымдағы мәселелерді шешу туралы үшін журналдың 10 санында Райымжан Мəрсеков, 13-санында Жұбекен Тілеубергенов, 16-санында Барлыбек Сырттановтар үн қатады.

Соған байланысты А.Байтұрсынов 1913 жылдың 18 нөмерінде “Басқосу” атты мақаласын шығарады. Екі басылым арасында айтыс туғызған үшінші мəселе – қазақ жазуы жөніндегі пікірталас. Ол «Қазақ» газеті жарық көрмей тұрып-ақ «Айқап» бетінде көрініс тауып, соның өзі апталықтың дүниеге келуінің бір себебі болғандығын, оған кейіннен бірқатар қаламгерлердің үн қатқанын ғылыми жұмысымыздың бірінші тарауында, дəлірек айтсақ, «Газеттің шығу тарихынан» атты бірінші бөлімінде кеңірек тоқталған.

Аман Назерке Мұхтарқызы