Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Австралия ашық чемпионатында қазақ қызы Зарина Дияс тұңғыш рет екінші айналымға өтті

Зарина Дияс
Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда чехиялық Катерина Синяковамен кездесіп, оны екі партияда (6:2, 6:4) ұтты.

Сөйтіп қазіргі кезде әлемдік рейтингте 163-орында тұрған Зарина қазақ қыздарынан алғаш рет әлемдегі «үлкен дулығаның» бірі — Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымына өтті. Онда ол румыниялық Сорана Кырстя немесе жаңазеландиялық Марина Эраковичтің біреуімен кездеседі. Олардың екеуі де — К.Синяковаға қарағанда, әлдеқайда тісқаққан теннисшілер, рейтинг бойынша да жоғарыда тұр.
Қазірдің өзінде осы табысымен-ақ З.Дияс өз рейтингісін көтеретіні анық.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат -Автор: Елжан Ералы
 
0
0
299

Осы тақырып бойынша

Австралия ашық чемпионатында қазақ қызы Зарина Дияс тұңғыш рет екінші айналымға өтті - Yvision.kz