Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке егін егіп, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың мерекесі. Ауыл шаруашылығы ел өмірінде ерекше орын алатын салалардың бірі. Ол экономиканың ғана емес, қоғамдық - саяси тұрақтылықтың айнасы. Елбасымыздың, Президентіміз Қ.Тоқаевтың көреген саясатының арқасында ауылшаруашылық саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде ауыл халқының тұрмысы, әлеуметтік жағдайы жақсара түсуде.

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы -ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты десек артық айтқанымыз емес. Бұл мереке баршамызға ортақ қуаныш. Бұл ел экономикасының ең маңызды саласы қызметкерлерінің мерекесі.

Сіздерге Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Осы мерейлі мереке күні сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!

0
0
394

Осы тақырып бойынша

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! - Yvision.kz