«Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін дайындау жане беру»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылуын бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 6 сағаттан аспайды; қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды; осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 2 сағаттан аспайды;электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды; орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде..Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
ТЕБ-те: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті беру тізіліміне қол қойғызып;
орталықта: қолхаттың негізінде орталық қызметкері күн сайын береді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне беріледі:
1) ТЕБ-ке: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ЖК беру тізіліміне қол қойғызып;
2) орталықта: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қолхаттың негізінде орталық қызметкері күн сайын;
3) портал арқылы жүгінген кезде ЖК беруді көрсетілетін қызметті алушы жеке жүгінген кезде, оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда, ТЕБ-ке не орталықта ТЕБ қызметкері жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ТЕБ-ке жүгінген кезде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖК алуға немесе ауыстыруға толтырылған бланк;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
мекенжай анықтамасы;
медициналық анықтама;
курстарды бітіргені туралы куәлік және оның көшірмесі (жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғанның орнына беру, сондай-ақ оларды ауыстыру жағдайларын қоспағанда);
ЖК (оны ауыстырған кезде);
уақытша ЖК (бұрын берілгенді жоғалтқан кезде);
мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
«Д», «Е» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шетел мемлекеті берген, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы нотариатта куәландырылған ЖК;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде, азаматтың сауалнамалық деректерінің өзгергенін растайтын құжат;
ЖК жоғалтқан кезде, жоғалтудың мән-жайлары туралы жазбаша түсініктеме;
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушысы үшін).
ТЕБ-ке құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілетін құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды қабылдаған ТЕБ қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі;
«Д», «Е» санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама);
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шетел мемлекеті берген, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы нотариалды куәландырылған ЖК;
тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде, азаматтардың сауалнамалық деректерінің өзгергенін растайтын құжат;
ЖК жоғалған кезде, жоғалтудың мән-жайлары туралы жазбаша түсініктеме;
Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы (жол жүрісінің шетелдік қатысушысы үшін). Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
портал арқылы жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы ЖК ауыстыруға сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті; көрсетілетін қызметті алушы қолының электрондық бейнесі. Жеке басын, тұратын жерін куәландыратын құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушының жүргізуші куәлігі туралы, мүгедектігі бар-жоғы туралы, жүргізуші куәлігінен айыру туралы, мемлекеттік баж төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органның уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттардың нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінім бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы ТЕБ қызметкерлері оның жеке басын сәйкестендіруі және жүргізуші куәлігін алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжайға сәйкес орталыққа/ТЕБ-ге баруы қажет.
Орындаған:А.М .Уламакадиров
Орындаған: С.К.Кадырова
