Аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ауданда тіркелген партия өкілдерімен кездесу өткізілді
Аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудан бойынша тіркелген партия өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу Балдысу ауылында орналасқан Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде ұйымдастырылды. Сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген кездесуге "Nur Otan", "Ақжол"," Ауыл" партиясының өкілдері қатысты. Әлімбекова Гүлсара "Nur Otan" партиясының үміткері, белсенді мүшесі ретінде жетекші партиямыздың алға қойған мақсаттары мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, қолдауға бағытталған бағдарламасын жан-жақты түсіндірді. Сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.
