Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қуаныш Дүйсенбиев канвассинг іс-шарасы аясында
Амангелді Қалдыбек Көксу ауданының Құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы. Ауданымызға көп жылдар бойы еңбегі сіңген ардагер. Өмір жолы осындай тағылымға толы қариямен кездесу үміткер үшін үлкен мәртебе болды. Ол кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мақсат-міндетін түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ақсақал өз кезегінде үміткер Қуаныш Дүйсенбиевке ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар алдағы сайлауда үміткерге ақ жол тілеп, батасын берді.
