Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан әкімінің орынбасары Шухрат Бурхандинұлының қабылдауы

17 - ші мамыр күні "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Қайырымды 30 игі іс», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Аудан әкімінің орынбасары Шухрат Бурхандинұлының қабылдауы болып, қабылдауға жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мәселесін талқылады. «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіріп келген 5 отбасының мәселесі қарастырылды. Дәрі -дәрмек ала алмай жүрген мүмкіндігі шектеулі жанның қажетті дәрілерін алуға ықпал жасады. Сонымен қатар бір азаматшамызға жер мәселесі бойынша көмек көрсетілді. Қабылдауға жазылған қалған 3 азаматымызға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде барлық қарастырылған мәселелер оңтайлы шешілді.

0
0
178

Осы тақырып бойынша

Аудан әкімінің орынбасары Шухрат Бурхандинұлының қабылдауы - Yvision.kz