ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудан әкімінің Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында аудандық орталық кітапханада аудан әкімі А.Қ. Әмиринның Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагері М.П. Коробкин, Ақтоғай ауданындағы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Алханов, бөлім басшылары және тіркеу куәлігін алушы жастар өкілдері қатысты. Кездесуді қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, бир минуттық тиыштықпен жалғастырды. Кездесудің мақсаты: жастар өкілдерінде өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Кездесу барысында аудан әкімі А.Қ. Әмірин Ауған соғысының аяқталуының 28 жылдығымен құттықтап, кездесуге жиналғандарға мықты денсаулық және ашық аспан тілеп, естелік сыйлықтарды табыс етті.

Кездесу соңында Мәдениет үйі қызметкерлері Ауған соғысының аяқтауының 28 –жылдығына арналған концерттік бағдарламаны ұсынды.