Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан бойынша жем-шөп бағасын тұрақтандыру мен жеткізілуі басты назарда

Аудан бойынша жем-шөп бағасын тұрақтандыру мен жеткізілуі басты назарда

«Кебек алдың ба? Бағасы қаншадан болып жатыр?» деген тұрғындар әңгімесін жиі естудеміз. Осы мәселе тұрғысында бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудан әкімінің орынбасары А.Аққұлов «Сегізбай-Ата» өндірістік кооперативінде болды. Қоймада сақталған 20 кг 1 қап кебек жем – тұтынушыларға 1360 теңгеден сатылымда екен. Сонымен бірге тұтынушылардың тіліне тиек етіп жүрген 1 қап жем салмағының 20 килограммнан кем болуы жағдайын анықтау мақсатында бірнеше қап таразыға салып өлшенді, барлығы да 20 кг-нан кем шықпады.

Жем бағасын тұрақтандыру және жем қорын ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан кәсіпкерлеріне мал азығын барынша төменгі бағада ұстау ескертілді.

Алдағы уақытта да аудан бойынша мал азығын жеткізу қызметтері күнделікті бақылауда ұсталып, жұмыстар ұйымдастырыла бермек.

0
0
129

Осы тақырып бойынша

Аудан бойынша жем-шөп бағасын тұрақтандыру мен жеткізілуі басты назарда - Yvision.kz