Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бүгін Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Ауған соғысы.Ақиқат және аңыз» атты «Ауғанстан соғысы мүгедектері және мейірім қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбішбеков Көпберген Елеусізұлымен тікелей эфир өтті.
Іс – шараның мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі - өнеге, тарихи тағылым беру, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.
Тікелей эфир барысында ардагер азамат оқырмандар сауалына жауап бере отырып, соғыс шындығы, ерлік жайлы ойларымен бөлісті. Аудан әкімінің арнайы Алғыс хатын ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жандос Нарқозыұлы табыстады. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызға кітапхана тарапынан тілектер айтылып, сый көрсетілді.