Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырауда Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Атырауда Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Тәртіптік кеңес отырысында Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысы, Атырау облысы әкімі аппаратының және жергілікті атқарушы органдарының тәртіптік комиссияларының жұмыстары, сонымен қатар Жылой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сатиевке қатысты тәртіптік жауапкершілік мәселелері қаралды.
Тәртіптік кеңестің шешімі бойынша Мақат ауданының әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыруды күшейтуге бағытталған кешенді шараларды қабылдау және 2015 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша тәртіптік кеңес хатшылығын хабардар ету ұсынымы енгізілді.
Жылой ауданының әкіміне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексінің талаптары мен жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың тәртібін бұзып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған үшін Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Қ.Сатиевке «қызметінен төмендету» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды қарастыру, сондай-ақ кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, қатаң бақылауға алу ұсынылды.

 

Осы тақырып бойынша

Атырауда Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өткізілді. - Yvision.kz