Атырау облысының мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің өкілдері «Е-қызмет» жүйесін енгізу мәселесі жөнінде оқытылды.
2015 жылғы 27 наурызда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы М.К.Избановтың төрағалық етуімен «Е-қызмет» жүйесінің тиімділігі және оны енгізу бойынша оқыту-семинары өткізілді. Оған қала және облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кадр қызметі өкілдері қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік органдардың жұмысында «Е-қызмет» жүйесін енгізу мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің өнімділігі мен тиімділігін арттырудың негізі болып табылатыны атап өтілді.
Бұдан басқа, семинар жұмысында мемлекеттік қызметті өткеру және персоналды басқару қызметтерімен өзара әрекеттестікке қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
