Атырау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының мәжіліс залында семинар-кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлерімен Атырау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (әрі қарай – ХҚКО) филиалының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің құқықтық сана-сезімін арттыру мақсатында Департамент пен ХҚКО-ның өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды. Семинарға барлық қалалық және облыстық бөлім басшылары мен мамандары қатысты.


