«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азамттық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді, яғни Талас аудандық Әділет бақармасы арқылы көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Талас аудандық Әділет бақармасы арқылы немесе «ХҚКО» Талас аудандық бөлімі арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы ( www.е.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) 2008 жылға дейін туған адамдар үшін көрсетілетін қызметті алушылардың туу туралы куәлігі;
4) некені (ерлі-зайыптылықты) 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
5) егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігі (2008 жылға дейін туған жағдайда);
6) бала асырап алуды не әкені анықтауды 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін, егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік;
7) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды 2008 жылға дейін тіркеген адамдар үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік;
8) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 мөлшердегі екі фотосуреті;
9) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
10) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді өтініп отырған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші немесе орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері немесе орталық қызметкері құжаттар түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл
облысы бойынша филиалының
Талас аудандық бөлімінің инспекторы С.К. Юсупова
