“Ата Заң - тұрақтылықтың берік тұғыры” атты дөңгелек үстел болып өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл болуына орай 26 тамыз күні аудандық кітапхананың оқу залында, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне орай, “Ата Заң - тұрақтылықтың берік тұғыры” атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараны оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақмарал Бекжігіт жүргізді. Шара барысында, аудандық кітапхананың әдіскері Нурумова Бағлан Сейтқазықызы және кеш қонақтары Панфилов ауданы Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Сұраншиева Ақпейіл Бақытжанқызы мен Анель Бөкейхан мемлекеттік мерекемен желі оқырмандарын құттықтап, жылы лебіздерін айтып өтті. Сондай-ақ, аудандық кітапхананың кітапханашылары Аягүл Аян, Мадина Скакова Конституция жайлы деректер мен дәйектерге тоқталып, “Ата Заң - алтын арқау” тақырыбындағы Ата Заңымыз жайлы толық мәліметтер мен “Қазақтың Ата Заңдары”, “Қазақстан Республикасының Конституциясы” атты және тағы да басқа Заң туралы кітаптарды қамтитын кітап көрмесін, оқырмандарға кең көлемде насихаттады. Шараның соңын оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Оспанова Сара Нұртәліпқызы өз сөзімен қорытындылады.
#тәуелсіздікке30жылжаркент
