Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік стандарттары негізінде көрсетеді. Қазіргі уақытта 160 мемлекеттік қызмет стандарты бар. Соның ішінде
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен жүзеге асырылады. Осы қызмет түрі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы көрсетіледі Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:
- жеке басын куәландыратын құжат
- көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат
- зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
- асыраушының қайтыс болғандығы туралы куәлік не адамның хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылғандығы туралы соттың шешімі.
Бұдан басқа, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
- асырауында болған адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаты
- егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының айтуы бойынша жазылған болса, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдарының белгіленген нысандағы анықтамасы;
- қамқорлықты (қамқоршылықты) растайтын құжат;
- оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейінгі адамдар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы анықтамасы (жыл сайын оқу жылы басталғанда беріледі);
- қаза тапқан адамның әскери билеті немесе әскери қызметті өткеруі туралы анықтама;
- әскери қызметшінің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.
Қайтыс болған адамның сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын, сіңлілерін немесе немерелерін бағып-күтумен айналысатын азаматтар мынадай құжаттарды ұсынады:
-еңбек қызметінің тоқтатылғанын растайтын еңбек кітапшасы (көшірмесі еңбек кітапшасының түпнұсқасымен жыл сайын салыстырып тексеріліп отырады);
-адамның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы салық органының анықтамасы (жыл сайын жаңартылып отырады);
Мойынқұм аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Байкулова З.Д
