Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астық кептіретін жабдықтар тиімді бағаға сатылады

Биыл фермерлер астықты ысырапсыз жинап алу шараларына қазірден қамданбаса, төккен терлері текке кетуі мүмкін. Өйткені еліміздің солтүстік, орталық және батыс аймақтарындағы құбылған күн райы мен толассыз жауын дәнді және майлы дақылдардың пісіп-жетілуін тежей бастады. Салдарынан егіннің қолайлы уақытта жиналмай қалуы ықтимал, – дейді мамандар. Сондықтан ауылшарушалығы тауарларын өндірушілер астық кептіретін жабдықтармен қамтылуы керек. Министрлік тарапынан аталған техникаларды тиімді бағаға сатып алу мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл ретте, «ҚазАгро» холдингінің арнайы бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық жабдықтарын иеленуге пайыздық үстемесі аз несие ұсынады.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/66955-a-satylady

 
0
0
548

Осы тақырып бойынша

Астық кептіретін жабдықтар тиімді бағаға сатылады - Yvision.kz