Астанада мемлекеттік органдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары қаралды
2014 жылдың 23 сәуірінде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша жұмыс тобының 7-ші отырысы болып өтті.
Аталған жұмыс тобы “Қазақстанда мемлекеттік секторды реформалау арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру” атты Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өткізіп жатқан жобасы шеңберінде (құрылған болатын.
Басқосуға ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой, жобаның басшысы Габриэла Миранда, ҚР ҚОСРМ, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтерді және реттеу құралдарын жетілдіру бойынша жоба аясында өткізілуі жоспарланып отырған іс-шаралармен, 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралардың болжамды жұмыс жоспарымен танысып, осындай жоба аясында Францияның мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру тәжірибесі қарастырылды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі
