Астанада «Ұлы Дала елі» форумы ашылды
Елордада өтіп жатқан «Көрме» орталығында «Ұлы Дала елі» атты 3-ші отандық тауар өндірушілер форумы ашылды. Форумға орта және кіші бизнестің 350-ден аса кәсіпорыны қатысуда.

Форумда импорт, экспорт, сауда-өткізу тақырыптары қозғалады деп күтілуде. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Ірі сатып алушылармен сапаны жақсарту, сату – сатып алудың ашықтығын арттыру, тауарды экспортқа шығару мәселелерін талқылау болып табылады. Сонымен қатар, осы форум аясында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлео бойынша жеңімпаздары және «Қазақстанда жасалған» атты жобаның 206 компаниясы өндірісінің байқау көрмесі өтеді. Форумды ұйымдастырушылар «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры».
Форумды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму вице-министрі Роман Скляр ашты. Аталған шара еліміздің кәсіпкерлік қауымдастығын Президент идеясына жұмылдыруға мүмкіндік береді. Вице-министр үшінші рет өткізіліп отырған көрменің жоғарғы деңгейде өтіп жатқанын атап өтті.
Өз сөзінде Р. Скляр өткен жылы жетекші ұлттық компаниялармен 10 миллиард теңгеге он меморандумға қол қойылғанын еске салды. Аталмыш көрсеткіш 2017 жылы оданда жоғары болады деген үміт білдіріп, барлық уағдаластықтар орындалады деген ниетімен бөлісті. Сонымен қатар, үш күнге созылатын Форум барынша жемісті болуын тіледі.
Шарада Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасының орынбасары А. Омарходжаев холдингтің отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуі туралы айтып берді. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі бес бағыт бойынша жұмыс жасайтын стратегияны ұстанады, олар: ірі бизнеске қолдау көрсету, отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру, трансферт және инновация енгізу, сонымен қатар, ел азаматтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Бүгінде холдингті біріккен даму институтына айналдыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Ануар Омарходжаевтің айтуынша, бизнеске кешенді қолдау мақсатымен холдинг қызметінің бірыңғай сандық алаңын жасау жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда айтылғандай, шараға 350 кәсіпорын қатысуда, форум аясында «Қазақстанның үздік өнімі» конкурсы өңірлердегі тауар өндірушілер арасында өткізіледі, «Қазастанда жасалған» көрмесі өтеді. . Тауар өндірушілер де өз өнімдері туралы айтып өтті. Кәсіпкерлер форумға өте жауапты қарап, осындай шаралардың бизнеске маңыздылығын айтты.
«Қазақстанның үздік өнімі» өңірлер жеңімпаздарының бірі «ВИЗиТ» компаниясы. «ВИЗиТ» компаниясы ауыз су, минералды, шипалы су, суық шай, жоғары сапалы газдалған және шырынды сусындар өндірумен және сатумен айналысады, ақылға қонымды бағамен әрине.

2002 жылдан бастап, компания «Легенда» брендімен бірігіп денсаулық сақтау сериясында өнім шығара бастады. Бұл өнімдер құрамына шөптердің тұнбасын қосылу фактісімен ерекшеленеді. Барлық өнім сертификатталған және консерванттарсыз. Балалар бұл өнімдерді өте жақсы көреді. «ВИЗиТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маркетологы өз өнімдері туралы әңгімелеп, өңірде жеңіске жеткендерін үлкен жетістік екенін айтты. Ендігі мақсат республика көлемінде жеңу. Маркетологтың сөзінше, бұл жетістіктің бәрі сапалы өнім дәлелі.
Келесі компания «ProfiModa», бұл компания киім тігумен айналысады, 1994 жылдан бері Қазақстанда мамандандырылған киім элитасының жетекші провайдері болып табылады.

«20 жыл бойы біздің компания барлық секторларының қызметкерлері үшін сәнді және заманауи киім үлгісі болып табылады. Қазір компания жаңа желісін ашты - бұл ұлттық стильде бірыңғай киім үлгісі. Біз өзіміздің ұлттық мотивтер нысанында аспазшыларды көрсеткіміз келеді. Осы жылы біз Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» конкурсын жеңіп алдық, біө үшін бұл үлкен матан және клиенттеріміздің бізге деген жоғары сенімін білдіреді», - деді ProfiModa компаниясының директоры Ирина Горшкова.
Павлодар облысы үшін «Қазақстанның үздік тауары» ИП «Пархоменко А.В.» компанясы болып табылады. Компания кең ауқымды жарнамалық науқандар үшін бір жолғы тапсырыстарды орындауға, жарнама бүкіл ауқымын ұсынады. Барлық конструкция әр клиент үшін жеке жасалады және қайталанбайды.

«Көрмеде біз жаңа өнімдерімізді ұсындық – ол патенттелген бұйым «магниттерді сақтау және көрсету альбомы» деп аталады. Әлемнің ешқандай жерінде әлі мұндай зат жоқ. Ол шетел қонақтары үшін, біздің клиенттер үшін және Қазақстан арналған естелік, сыйлық өнімдері үшін ойластырылған. Магниттік альбомдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады. Біздің альбомдар әсем елорда Астана туралы, оның көрікті жерлері туралы, сонымен қатар, Бурабай мен Баянауыл туралы ақпаратты қамтиды. Негізінен өнімге елордалық компаниялар тапсырыс береді, біз ЭКСПО қонақтары үшін сувенирлік бұйымдар жасадық. Дизайнды клиенттің қалауын ескеріп жасаймыз, кәсіби фотограф ретінде мен суреттердің жоғарғы сапалы болуын қадағалаймын», - деді компания жетекшісі Александр Пархоменко.
Қарағанды облысында «Дедов» компаниясы он жылға тарта уақыт еліміздің азық-түлік өнеркәсібін дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Шұжықтар жоғары технологиялық импортталған жабдықтың қазіргі заманғы технологиясы бойынша дайындалады. «Өнімді дайындау барысында шикізатты қазақстаннан, ал дәмдеуіштерді шет елдерден аламыз. Қазір өнімді Ресейге экспорттау туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, «Линия Востока» атты сертификатталған халал өнім де бар. Біз Ақтас ауылында орналасқанбыз және аыл тұрғындарына жұмыс орындарын береміз», - деді компания жетекшісі Жанна Беринбаева.
Теміртау тігін фабрикасы «Фортуна», әуеліде арнайы киім өндіру үшін құрылды, одан кейін әскерилендірілген киім тігуді бастау, қазір компания мектеп формасын, классикалық және спорттық киімдер тігеді.

«Біз жақында ұлттық киім желісін шығардық. Негізінен біз мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейміз. Тұрақты клиенттеріміз де бар. Қарағандылық мектеп оқушыларымен қатар, Астана оқушыларына да киім тігеміз. Ресейде де киенттеріміз бар. Түймені қостанайлық әріптестеріміден, синтепонды шымкенттен аламыз. Қазақстандықтар өз өнімдерін кигенін қалаймыз. Қазір көрмеде біздің балаларға арналған «Дракоша» атты күртелеріміз сұранысқа ие. Бізде онлайн барлық өнімдерді көріп, тапсырыс беруге болатын веб-сайт бар», - деді компания директоры Динара Бексултанова.
Осы аталған компаниялар сияқты көптеген кәсіпорындар «Ұлы Дала елі» Форумында өз өнімдерімен таныстыруда.











