Астанада дзюдодан әскери қызметшілердің арасындағы әлем чемпионаты басталады
Астанада «Дәулет» спорт кешенінің базасында 2013 жылғы 1-5 шілде кезеңінде ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік армия спорты кеңесінің және Қазақстан дзюдо федерациясының қолдауымен дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы 35-әлем чемпионаты өтеді. Армияшылар арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысу үшін 30-ға жуық мемлекет өтінім берген.
300-ге жуық қатысушы әскери қызметшілер арасындағы ең мықты дзюдошы атағы үшін күресетін болады. Қазақстандық армияшылар құрамасында еліміздің осы спорт түріндегі бірқатар мықты спортшылары бар: 2011 жылғы 5-бүкілармиялық ойындардың қола жүлдегері кіші сержант Тен Алина, 2013 жылғы жастар арасындағы әлем кубогының иегері қатардағы жауынгер Баймаханбетов Мейірлан, 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достас армияларының ІХ спартакиадасының жеңімпазы Жұмақан Елдос, 2011 жылғы әлем кубогының жүлдегері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы кіші сержант Файзоланова Зәмзәгүл.
Чемпионаттың алғашқы күні ашылу рәсімі және командалық жарыстар, одан кейінгі күндері 60, 66, 73, 81, 90, 100 кг дейінгі және 100 кг жоғары салмақ дәрежелері бойынша жеке сайыстар өтеді.
Сонымен бірге Қазақстан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатын ТМД елдері ішінде тұңғыш рет өткізгелі отырған ел екенін атап өткен жөн.
Чемпионаттың ашылу рәсіміне Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қатысады.
Чемпионат кестесі
1 шілде 11.00 –Баспасөз мәслихаты
12.00 – Турнирдің ашылу салтанаты
Командалық жарыстар
2 шілде Демалыс күні.
3 шілде Жеке жарыстар (60, 66 кг)
4 шілде Жеке жарыстар (73, 81 кг)
5 шілде Жеке жарыстар (90, 100, +100 кг)
жеңімпаздарды наградтау, чемпионаттың жабылу салтанаты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
