Астанада автобус жолағымен барлық көліктер жүре алады
Бірақ бұл - уақытша мүмкіндік.

"Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, жолдың жүру бөлігіне асфальт төселіп, жол белгілері қойылып жатқанына байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
Осыған байланысты, көлік жүктемесін төмендету мақсатында ағымдағы жылдың 19 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Ш.Бейсекова, Ш. Айтматов көшелерінің барлық бойында Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейін "Сергек" камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды", - деп жазды Астана қаласының Полиция департаменті.