Астана қаласының соттары 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот әділдігін жүзеге асырудың қорытындыларын шығарды
Астана қаласының сотында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәми, Астана қаласы сотының төрағасы Т.Е. Бәрпібаев, елордалық сот алқаларының төрағалары, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, қалалық сот кеңсесінің басшысы қатысты.

