Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ашық есік күні және Қоғамдық омбудсменнің жұмысы

А.ж. 13 қазанда Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күні болып өтті».

ТЕБ қызметкерлері көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін табыстау және ауыстыру және жол қозғалысы саласындағы басқа да көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында  консультациялық көмекке 5 азамат жүгініп, оларға сәйкес көмек көрсетілді.  Қатысушыларға жемқорлыққа қарсы мәтіндегі ақпараттық парақшалар таратылды.

Сондай-ақ, Жолдарда жемқорлық көріністерін азайту бойынша 10 қадам өңірлік қадамдық жоспарын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде «Қоғамдық қабылдаудың» апта сайын  сәрсенбі күндері сағат 10.00 – ден 18.00 –ге дейін жұмысы ұйымдастырылған.

 
0
0
453

Осы тақырып бойынша

Ашық есік күні және Қоғамдық омбудсменнің жұмысы - Yvision.kz