Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ас әзірлеу де үлкен өнер!

Сүйікті AlmaМater акциясын Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінің түлегі Валерий Пирогов қолдады. Ол осы оқу ордасын 2015 жылы тәмамдаған екен. Ұстаздарына деген ризашылығын Валерий енді жоғарғы курс студенттеріне мастер – класс көрсету арқылы білдіріп жатыр.

«Білгеніңмен бөлісу технологиялық колледж оқушыларына таңсық дүние емес, мен өз шеберлігімді осында оқи жүріп колледжіміздің түлегі Мадина Сағындықова арқылы арттырған болатынмын. Енді өз көрген – білгенімді үйретіп жатырмын» - дейді Валерий.

Жоғарғы курс студенттері оның әр ісіне мұқият қарап, зерде елегінен өткізіп жатқаны ерекше көзге түсті. Ас әзірлеу де үлкен өнер екенін осындайда ескересің. Даярлау барысында Валерийді әңгімеге тартып неге аспаз болғысы келетіні жайында сұрастырдық. «Менің анам аспазшы. Бала кезімнен қай тамақты қалай жасау керектігін сұрап, қызығушылық танытатын едім. Есейе қай мамандықты және қай колледжға түскім келетінін түсіне бастадым. Таңдауым технологиялық колледжға түсті. Мен дұрыс шешім қабылдаған екенмін. Себебі бұл ең керемет колледж » - дейді.

Валерий Пирогов 2014 жылы «Алтын дастархан» фестивалі аясында өтетін аспазшылар сайысына қатысып күміс жүлдегер болды. Бұл оның талабы жоғары екендігінің белгісі деп білеміз.

Естеріңізге сала кетейік AlmaМater акциясы 15 қыркүйек күні басталған болатын. Акция аясында оқу орнының түлектері өз ордасына қол ұшын созып, көмек көрсете алады.

 
1
0
689

Осы тақырып бойынша