Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржыгерлер күнімен барша ауданның қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген жандарды құттықтаймыз.

Бүгін 15 қараша экономиканың қаржы секторының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнімен барша ауданның қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген жандарды шын жүректен құттықтаймыз. Әрі бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енген күнімен тарихта ерекшеленеді.

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Қадірлі сала ардагерлері! Кәсіби мерекелеріңіз - Қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күні құтты болсын! Әр қызметтің өзінге ерекшелігі, өзінше құндылығы бар десек, сіздер өздеріңіздің ерен қызметтеріңізбен ауданның экономикасына елеулі үлес қосып келесіздер. Сондықтан

Сіздердің жұмыстарыңыз Қазақстанның экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге және ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызып отыр деп есептейміз .

Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз. Қаржы саласының қиын да жауапты қызметінде сіздерге қажырлы қайрат, күш жігерлеріңіз мықты болсын деп жүрекжарды тілектерімізді білдіреміз.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

Қаржыгерлер күнімен барша ауданның қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген жандарды құттықтаймыз. - Yvision.kz