Қаржы полициясының көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша жұмысы
«Көлеңкелі» экономика саласында 2,5 мыңға жуық қылмыс тіркелді» - деп Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның алқа жиынында атап өтті.
Олар экономикалық қылмыстардың 90%-ын құрады.
Бұл қаржы полициясы органдарының адал кәсіпкерлердің қызметіне араласпай, негізінен «көлеңкелі» экономиканы қысқартуға әрекет ететіндігін көрсетеді.
Осылай заңды бизнес субъектілерінің мүдделері қорғалады, себебі оларға заңды түрде тіркелмеген, салық төлемейтін «көлеңкелі» экономика субъектілері бәсекелестік жасайды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің экономикалық негізін жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың жетекшілеріне қатысты 18 қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлердің заңды қызметіне араласу фактілері бойынша өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда қозғалған қылмыстық істердің саны артты.
Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында Қаржы полициясы агенттіктің Төрағасы заң шеңберінде жұмыс істеп, салық төлеп жүрген кәсіпкерлерді бақылаушы органдардың тарапынан заңсыз араласудан қорғауды әрі қарай қамтамасыз етуді тапсырды.
Р.Түсіпбеков көлеңкелі бизнес пен шенеуніктердің бірігуіне қатаң тосқауыл қоюға тапсырма берді. Көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықтың тығыз байланысына, сондай-ақ бұл қауіптерге қарсы кешенді шаралар қабылдау қажеттігіне тағы да назар аударды.
